Мазмұнға өту
РУС

Астанада Қорғаныс технологиялары орталығы Defence Tech Center ашылды

«Геотактика»

31.08.2023 • 2 мин оқу

Орталықтың ұйымдастырушысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен Қорғаныс министрлігі болды, деп хабарлайды редакция Forbes.kz

Ашылу күні оның алаңында қорғаныс саласындағы Defence Tech Battle стартаптар конкурсы өтті. IT-компаниялардың өкілдері «Қорғаныс саласындағы үздік инновациялық технология», «Қауіпсіздік пен қорғауға арналған үздік шешім» және «Қорғаныстағы төңкерістік шешім» номинациялары бойынша өз әзірлемелерін ұсынды.

Алдын ала ең бәсекеге қабілетті 10 жоба таңдап алынды. Сараптамалық қазылар алқасының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мадиев, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов, «Қазақстан ГИС Орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әния Байкенова кірді.

Конкурс қорытындысы бойынша Денис Зиновьевтің «Геотактика» үшөлшемді тактикалық симуляторы қорғаныс саласындағы үздік инновациялық технология болып танылды. Ол топографияны үйренуге, артиллерияны, әуе шабуылына қарсы қорғанысты (ӘШҚҚ) және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) басқаруды атыс және тактикалық даярлау сабақтарына арналған.

Қауіпсіздік пен қорғауға арналған үздік шешім деп танылған Оспан Бауыржанның «Beren» жобасы дрондардың рұқсатсыз белсенділігінен сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Қорғаныстағы төңкерістік шешім ретінде Абылайхан Жақановтың онлайн режимінде техниканы басқару симуляторы болып табылатын Game of Drones жобасы аталды. Елдің кез келген түкпіріндегі әскери қызметшілер телефондар немесе компьютерлер арқылы дрондарға қосылып, оларды басқаруды үйрене алады. Симулятор сонымен қатар командалық шайқастар түрінде оқу жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Барлық 3 жеңімпаз сертификаттар мен 5000 доллардан алды.

Дархан Ахмедиевтің айтуынша, бұл шешімдерді Қарулы Күштерде қолдану жұмыстары жалғасады.

- Бұл жылы біз осы жобалардың пилотын өткізуге мүмкіндік береміз және біз тараптан кері байланыс орнатылады, - деп жалғастырды Қорғаныс министрінің орынбасары. - Кері байланыс өнертапқыштардың өз өнімдерін жақсарта алуы үшін қажет, ал келесі жылы біз нақты келісімшарттарға шығуға тырысамыз.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Astana Hub IT-қоғамдастығына Defence Tech Center құру идеясы үшін алғыс білдірді. Іс-шараның екінші бөлігінде нетворкинг-сессия ұйымдастырылып, онда жиналғандар идеялармен алмасып, одан әрі ынтымақтастықтың келешектерін талқылады.

Defence Tech Center инноваторлармен, өнертапқыштармен, ғалымдармен және стартап-кәсіпкерлермен кеңінен өзара іс-қимыл негізінде идеяларды іздеу және таңдау мақсатында құрылған.

Қорғаныс министрлігі инновациялық әзірлемелерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік тапсырыс алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта қорғаныс ведомствосы үшін өзекті жобаларды сүйемелдеу Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.